Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
М.Горький атындағы №16 мектеп-лицей
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
М.Горький атындағы №16 мектеп-лицей
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/16mektep.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейдің қысқаша тарихы

Қазалы қаласындағы №16 мектептің негізі 1860 жылы қаланған.

Мектепті алғашқы рет – патшалық Ресейдің офицері А.Н.Алексеев және діндар (священник) Н.Ф. Евграфов 2 кластық орыс мектебі негізінде ашқан. «Төменгі» топ оқушыларын А.Н.Алексеев, «жоғарғы» топ оқушыларын діндар Н.Ф. Евграфов оқытқан. Мектепте 4 пән (чтение, грамматика, арифметика және дінге табыну (богославие) оқытылған. (Бұл дерек уезд бастығы Глобовтың Түркістан генерал-губернаторына жазған хатынан алынған).

1872 жылы бұл мектеп қалалық училищеге, 1878 жылы 2 кластық ремесло училищесіне айналған.

Қазалы қаласындағы №16 А.М. Горький атындағы орта мектеп ғимараты 1912 жылы салынған. Мектепті Түркістан аймақтық оқу инспекциясының шешіміменен Ташкент қаласынан Қасымқожаев Сұлтанқожа басқарған құрлысшылар бригадасы келіп салған. Мектепті салуға қаржы түгелдей Қазалы қаласының тұрғындарының салығы есебінен жүзеге асқан. Мектеп 4 кластық орыс-түзем мектебі деп аталған. Мектептің алғашқы директоры болып сол кездегі Қазалы уезіне белгілі педагог Иван Васильевич Иванов бекітілген. Мектеп көп кезеңге дейін “Иванов мектебі” деп  аталып келген.

Мектеп оқушылары негізінен 1921 жылға дейін 5 класс оқып, 6, 7 кластарды Қазалы станциясында бітіретін болған.
1938 жылы мектепке атақты орыс жазушысы Алексей Максимович Горький аты және орта мектеп дәрежесі берілген.
Мектеп қабырғасында  Шығыс жастарының ұйымдастырушысы Ғани Мұратбаев 1914-1918 жылдары оқыған, мектептің алғашқы түлектердің бірі Ұлы Отан соғысының батыры, батальон командирі майор Геннадий Фадеевич Шляпин, “Қазалының Алтынсарині” атанған Ленин орденінің иегері Мергенбаев Бердікен, Қазақ ССР ғылым Академиясының ғалымы, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы Ерлепесов Мұхамеджан Ноғайұлы сынды есімі елге танымал тұлғалар шыққан.

Мектептің 1972 жылғы түлегі, ауған соғысының ардагері генерал – майор Ерниязов Әлімжан, сонымен қатар Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Марина Вольнова, Азия чемпионы Жұбаназар Абылайхан осы мектептің мақтаныш түлектері.  

2012 жылы желтоқсан айында типтік жобада салынған 300 орындық. Жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа мектептің оқу блоктарында заманауи физика, робототехника, химия, технология кабинеттерімен, асхана, спорт зал, кітапхана, акт залы, дәрігер бөлімесі мен тіс кабинеті бар.

2016 жылы қаңтар айынан бастап «Жалпы орта білім беру ұйымының» «Мектеп-лицей» статусына өзгерді.

М. Горький атындағы №16 мектеп-лицейі оқу-ағарту ісін өркендету бағытында өзінің алдында тұрған жауапты міндеттерін айдағыдай орындап келеді. Атап айтсақ, 2018 жылы облыстық «Үздік ұжым» бағамымен марапатталды.

2020-2021 оқу жылының қорытындысы мен білім алушыларға сапалы білім беру арқылы ұлт болашағын тәрбиелеу жолындағы нәтижелі еңбегі үшін мектеп ұжымы Алғыс пен марапатталды. 2021-2024 оқу жылдары аралығында 8 "Алтын белгі", 8 "Үздік аттестат" иегерлері атанды. 2023-2024 оқу жылында 93 педагогтің 90-ны жоғары білімді, педагог-шебер-1, педагог-зерттеуші - 24, педагог-сарапшы-19, педагог-модератор -28 білім береді.  2021-2024 оқу жылдары аралығында 80-дей республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жүлдегерлері шықты. Атап айтқанда, 7 оқушы республикалық пән олимпиадасының жүлдегері, 12 оқушы республикалық ғылыми жоба жүлдегері, 60 оқушы аудандық  пән олимпиадасының жүлдегері, 36 оқушы аудандық ғылыми жоба жүлдегері, 500-нан астам түрлі білім сайыстарының жүлдегерлері атанды.

Қазіргі таңда оқу-тәрбие ісі табысты ұйымдастырылып келеді. Сапалы білім беру мен әрбір оқушының қабілетін дамытуға жеке тұлға тәрбиелеуге бағатталған.