Садуакасов Дархан Жарылкасынович
2018 жылдың қорытындысымен «Жыл таңдауы-2018», Облыстық білім басқармасының басшысы «Жаңашыл ойлар жаршысы» номинациясымен марапатталған. Қазақстан Педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ұйымдастырған Республикалық деңгейінде өткізілген «Жаһандану жағдайында білім берудің инновациялық әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы конференцияда дипломмен марапатталып, еңбегі жинаққа енген. Астана қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ұйымдастырған «Жаңа дәуірдің мектебі» Х Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына белсене қатысқан. ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы қоры сыйлығының иегері, «Ең үздік қазақ тілді сайт» байқауына Qaztest.kz сайтында педагог мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өткізілген І Республикалық «Үздік педагог» педагогика олимпиадасына қатысып, 25 ұпай жинап, жүлделі І орын иеленіп, Құрмет грамотамен марапатталса, «Үздік педагог» төсбелгісін иемденген. 2019жылы «Ашық азаматтық қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығының Республикалық «Жарқынның жарқын жолы» жинағына мақаласы жарияланды.